Болашақ бүгіннен басталады

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақ ССР және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Александр Иванович Калугинның ән студиясының 10 жылдығына орай 2017 жылдың  қазанның 21 жұлдызында Елубай Өмірзақов атындағы филармонияның концерт залында «Болашақ бүгіннен басталады» атты мерекелік кеші өтті. Бұл кешті тамашалауға ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 308 оқу тобының курсанттары барды.

Калугин студиясы – бүгінгі сапалы кәсіби ән өнерін меңгерем деушілерге арналған сапалы өнер ошағы. Бұл өнер студиясы Қостанай өңірінде ғана емес, шет жерлерге де танымал. Тәлімгерді құттықтау үшін Қазақстан және Ресейден шәкірттері келді. Сонымен қатар, студияның мерейтойына байланысты Қазақстан эстрада жұлдыздары Мадина Садуақасова, Алишер Каримов, Әли Окапов т.б. бейне жазбалар арқылы құттықтауларын жолдады.

Қорыта келе, Абай атамыз айтқандай: «құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй», аталған концерт курсанттардың көңілдерінен шығып, ұнады.

308 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

Н.Ж.Турсумбаева