Авторлық ұжымның отырысы өтті

Табиғатынан мықты тұлғалар біреудің көлеңкесінде қаламын деп қорықпастан айналасына дарынды, толық рухты адамдарды жинайды, оларға өз-өзін көрсетуге мүмкіндік береді. «Шырақбек Қабылбаев: Тұлға, мемлекеттік қызметкер, отандық ішкі істер органдарының ведомстволық білім берудің негізін қалаушы» атты ізденушілік тақырып бойынша авторлық ұжымның отырысы өтті. Отырыс барысында тақырыптың өзектілігімен бірге, эмпирикалық материалдарды талқылап, жаңа ұсынылған материалдарды ұсыну, жоспар бойынша көзделген сұрақтарды талқылау өтті. Отырыс барысында ізденушілік жұмыстың жаңа «Министр Шырақбек Қабылбаев» форматы  аясында ұжым мүшелері өздерінің ұсыныстарын, негіздемелерін ұсынды. Жоспарға қатысты өзгерістер қарастырылды. Авторлық ұжымның талқылау барысында қабылданған шешімдерінің бірі — курсанттар арасында Шырақбек Қабылбаевқа қатысты үздік эссе сайысын өткізу болды.