Тәжірибелік қызметкерлермен  алғашқы кездесу

Арманы асқақ, тұғыры биік, егеменді Қазақ елінің тыныштығын қорғаушы, Елі үшін еңбек етуші жауапты қызмет өкілдерінің бірі – ол полицейлер. Биылғы жылы Қазақстан полициясына 25-жыл толды.

2017 жылдың 16 қазаны күні тәрбие сағаты барысында күндізгі оқыту факультетінің 1 курсының 101-оқу тобының курсанттары сырттай оқыту факультетінің тыңдаушылары — тәжірибелік қызметкерлер Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің Павлодар қ. ІІБ Орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жұмашев Данияр Тулегенулымен және Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полициясының полицейі, полиция аға сержанты Алькенов Қайыржан Кабуловичпен кездесті.

Кездесу барысында полицейлер курсанттарды жалпы ішкі істер органдары  қызметімен, күнделікті полиция қызметкерлерінің қызметтерімен таныстырды.

Болашақ офицерлердің таңдаған еңбек жолдарында кездесетін қиындықтармен, олардың алдын алу тәсілдерімен бөлісе отырып, қызметте кездесетін түрлі мәселелерді әділ шешу, әділ шешім қабылдау туралы кеңестерін айтты.

Курсанттар өздері таңдаған мамандық иесі болу жолындағы қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

Сонымен қатар енді ғана ант қабылдаған жас ұрпаққа қабылдаған анттарына берік болуларын, адал, шыншыл, полицей атына сай болуларын тілеп, алғыстарын білдірді.

Курсанттар өз тараптарынан аға буынға осындай жол сілтеп, ақылдарын айтып, бағдар беріп, таңдауларын қолдағандары үшін шексіз алғыстарын білдірді.

А. Мұрат

101 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты