Академия мұражайына алғашқы экскурсия

Мектеп қабырғасынан Академия қабырғасына енді ғана аяқ басқан 1 курс курсанттары үшін оқу орнымыздың құрылуы, тарихы, белгілі тұлғалары мен басқа да ақпарат әлі беймәлім.

2017 жылдың 9 қазаны күні 1 курс курсанттарының 101-оқу, 106-оқу топтарына Академия мұражайына экскурсия өткізілді. Экскурсияның мақсаты енді қадам басқан жас буынға тарихы мұражайына шоғырланған Академияның өмірімен таныстыру еді.

Мұражайдағы экспозициялар курсанттардың қызығушылығын тудырды. Экспозицияларда ұсынылған ауқымды материалдар оқу орнының 45-жылдық тарихын көрсетеді. Сондай-ақ курсанттар оқу орнының құрылу тарихының негізгі кезеңдерімен де жан-жақты танысты.

Сонымен қатар тыңдаушылар Қостанай академиясына аты берілген аңызға айналған Шырақбек Қабылбаевтың қызметіне арналған экспозицияға барды.

Курсанттар генералдың өмірі мен қызметі туралы көп білді. Ішкі істер министрінің үлкен еңбектерінің бірі милиция кадрларын даярлау бойынша, соның ішінде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының негізі болған, оқу орындарын ашу болды.

Экскурсия соңында 4 жыл білім алатын оқу орнының кітапханасы мен оқу залына барып танысты.

Экскурсия курсанттардың көңілінен шықты.

101  топ кураторы

полиция аға лейтенанты

А. Мұрат

106 топ кураторы

полиция капитаны

М. А. Жумашев