ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер оргадарының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 25 жыл: дамудың қорытындылары мен келешектері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі.

Конференция барысында 6 секцияның жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарлануда:

— қоғам және мемлекет мүдделерін қорғау бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі;

— Қазақстанның ішкі істер органдары кадрларын кәсіби даярлау жүйесі және инновациялық үдерістерді енгізу және дамыту аясында білім және ғылымды әрі қарай жетілдіру;

— Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік заңнамасын іске асыру шеңберінде құқық бұзушылықтың алдын алу және әкімшілік-юрисдикциялық қызметінің өзекті мәселелері;

— Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру және іске асыру мәселелері;

— Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында жедел іздестіру қызметін ғылыми және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;

— Қазақстанның үшінші жаңғыруы: саяси реформалар, экономикалық және рухани жаңғыру.

Конференция жұмысы үшін ҒЗжРБЖҰ бөлімімен «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 25 жыл: дамудың қорытындылары мен келешектері» атты конференция материалдарының жинағы дайындалды.

Жинаққа 2017 жылғы 27 қазанда өтетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына 25 жыл: дамудың қорытындылары мен келешектері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысу үшін жолданған Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина, Бангладештің жетекші ғалымдарының, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлерінің 140 ғылыми мақалалары, сондай-ақ жоғары оқу орындары басшыларының құттықтау сөздері енгізілді.

Жинақтың жалпы редакциясын басқарған ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция генерал-майоры М.А. Қызылов.

Ұсынылған материалдар оқырмандардың кең ауқымына: ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамына, магистранттары, курсанттары мен студенттеріне арналған.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ

27 октября 2017 года в Костанайской академии МВД Республики Казахстан им. Ш. Кабылбаева состоится международная научно-практическая конференция «25 лет органам внутренних дел Республики Казахстан: итоги и перспективы», посвященная 25-летию органов внутренних дел Республики Казахстан.

В ходе конференции планируется работа 6 секций по следующим направлениям:

— деятельность органов внутренних дел Республики Казахстан по защите интересов общества и государства;

— система профессиональной подготовки кадров органов внутренних дел Казахстана и дальнейшее совершенствование образования и науки в свете внедрения и развития инновационных процессов;

— актуальные проблемы профилактики правонарушений и административно-юрисдикционной деятельности в условиях реализации нового законодательства Республики Казахстан;

— проблемы совершенствования и реализации нового уголовного, уголовно-процессуального и уголовно-исполнительного законодательства Республики Казахстан;

— научное и организационно-правовое обеспечение оперативно-розыскной деятельности в правоохранительных органах Республики Казахстан;

— третья модернизация Казахстана: политическая реформа, модернизация экономики и общественного сознания.

Отделом ОНИиРИР для работы конференции подготовлен сборник материалов конференции «25 лет органам внутренних дел Республики Казахстан: итоги и перспективы развития».

В сборник включены 140 научных статей ведущих ученых, преподавателей и сотрудников вузов Республики Казахстан, Российской Федерации, Украины, Бангладеш, направленных для участия в Международной научно-практической конференции, посвященной 25-летию органов внутренних дел Республики Казахстан, которая состоится 27 октября 2017 г., а также поздравительные слова руководителей вузов.

Сборник издается под общей редакцией начальника Костанайской академии МВД РК им. Ш. Кабылбаева, кандидата юридических наук, профессора, генерал-майора полиции Кызылова М.А.

Данные материалы рассчитаны для широкого круга читателей: профессорско-преподавательского состава, сотрудников органов внутренних дел, магистрантов, курсантов и студентов высших учебных заведений.