«Туған тілдің тұғыры» атты ән-жыр кеші

28 қыркүйекте Академияда Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесі аясында «Туған тілдің тұғыры» атты ән-жыр кеші болып өтті.

Кештің мақсаты: курсанттардың туған елге, жерге, тілге деген ыстық ұя махаббаттарын оятып, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңыздылығын насихаттау, өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру.

Аталған іс-шараға Академия бастығы, мемлекеттік тіл бөлімшесі қызметкерлері, оқу-саптық бөлімше басшылығы мен 1 курс курсанттары қатысты. Айзада Сапарбекова (4 курс) «Атамекен» атты әнімен кешті ашып, күндізгі оқыту факультетінің 1-4 курс курсанттары әндері мен өлеңдерін көрермен назарына ұсынып кешті жалғастырды. Рүстем Сәрсенәлі мен Ерсін Тұрсын «Қазақ елі», Дина Сыздықова «Қазақ жастары», Инара Шәку (1 курс) «Туған жер», Әйгерім Егеубаева мен Айзада Сапарбекова «Армандастар», «Қазақ елі осындай», Думанжан Тұрсынбай (2 курс) «Сақшылары елімнің» атты әндерімен көрермендерді бір желпіндіріп тастаса, Абайдың қара сөздері сайысында жеңімпаз атанған Алнашов Асылан (2 курс) Абайдың қара сөздерін нақышына келтіріп оқыды, ал 1 курс курсанттары күй атасы Құрманғазының «Адай» күйін тебіренте орындады. «Тек алға» өлеңімен көрермен ықыласына бөленген Ольга Андрейчук (2 курс) қазақ тіліне деген құрметін ерекше таныта білді. Кешті Аяжан Нусупбекова, Жандос Қойшымбетов әсерлі жүргізді. Ал Нұрбек Тілеухан «Жаса қазағым»» әнімен іс-шараны жапты.

Кеш соңында Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов мемлекеттік тілдің әртүрлі ұлт өкілдерін бір мүддеге тоғыстыруда, халықтар арасындағы татулық пен достастықты нығайтуда алатын орны жөнінде айта келіп, курсанттарды атаулы мерекемен құттықтады.
«Туған тілдің тұғыры» атты ән-жыр кеші қызықты әрі тартымды өтті.

Мемлекеттік тіл бөлімшесі