Қарттар күні

Үлкенді сыйлау,оларға құрмет көрсету ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз.Қарттардың өмірлік тәжірибелері мен өмірлік ақыл-кеңестері,тәлім-тағылымдары біз үшін орны бөлек.Қарттарымыздың жастар үшін жылдар бойы жинаған білімдері мен тәжірибелерінің маңыздылығы ерекше.

Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер минитрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай акдемиясының 3 курс курсанттары Қарттар күніне орай, Академиямыздың ардагерлері Романов Владимир Васильевич, Байназаров Жанибек Кусманович, Комамбаев Абдрахман Сагитбаевичті құттықтап келді.

Ардагерлерімізге біздің курсанттар өздерінің алғыстарын шын жүректен білдіріп, кішігірім сыйлықтарын сыйлады.

Ардагерлеріміз біздің курсанттарымызға өзінің қызмет барысындағы қызықты да қиын жұмысы туралы айтып өтті. Және курсанттарға өзінің ақыл кеңестерін айтып, еліне адал қызмет етуін айтты. Ардагерлерімізбен әңгімелесу кезінде олар біздің курсанттарымызға өз ризашылықтарын білдірді, себебі біздің курсанттар әр жылы осы кісілерге, осы мерекеде барып әңгімелесіп, сыйлығын беріп қуантып тұрады.

Академия курсанттарының баспасөз қызметінің мүшесі,
полиция қатарындағы Советов Бексұлтан