«Тіл апталығы»- аясында И.Омаров атындағы Қазақ драма театрының әртістермен шығармашылық кездесу.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,мемлекеттк тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мақсатында тіл апталығы іс-шарасына орай, 2017 жылдың 28 қыркүйегінде ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының магистратурасында ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 және 2 курс магистранттарымен И.Омаров атындағы Қазақ драма театрының әртістерімен шығармашылық кездесу болып өтті.
Кездесуге жиналған қонақтар қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміздің өте қарқынды деңгейде өсіп келе жатқандығы жөнінде айтылды.
Сондай-ақ, әртістер өз мамандықтары бойынша толыққанды мәлімет беріп, өз өнерлерімен бөлісті.
Қорытындылай келе,магистранттар кездесу барысында толғандырған сұрақтарына жауап алып, өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тілменен биік.Қай ұлттың болса да өзіне тән, өзі құрмет тұтатын ана тілі бар.Еліміздің биіктен көрінуі біздің қолымызда екенін ұмытпайық.

ЖООКББИ бастығы
полиция майоры
Г. Кужабаева