«Ұстаз – ұлы тұлға!!!»

Білім алушылар бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға ол — ұстаз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар — біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, келешек ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.
Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан.
Біздің Академиямыздың басты міндеттерінің бірі – білімді де, білікті курсант тәрбиелеп шығару.
Ендеше, осы бір айтулы төл мерекемен Академияның офицер-ұстаз ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! «Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті» десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді курсанттарыңыз көбейе берсін!

Ізгі тілекпен:
Педагогика және психология
кафедрасының ұжымы