Ант қабылдау рәсімі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай акдемиясында 23-ші қыркүйек күні күндізгі оқыту факультетінің 1 курс курсанттарының ант қабылдау рәсіміне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қысқаша айта кетсек ант қабылдау ежелгі замандардан сақталған дәстүр. Оның қазіргі заманға мағынасы мен рәсімдері ішкі істер органдарының түпкі мақсат-мүддесін, халық пен әскердің тарихи және ұлттық дәстүрлерінің сипатын көрсетеді. Ант мемлекеттік қызметшілердің Отанына, халқына, үкіметіне, өзінің мемлекет алдыңдағы борышына адалдығын білдіретін серті. Әрбір мемлекеттік қызметші ішкі істер органдарына қабылданғанда жеке-жеке ант береді және оны өзінің қолын қоюмен бекітеді. Отанына ант бере отырып, азаматтар ең жоғары және ардақты міндеттеме алады.
Салтанатты іс-шараны Академия бастығы полиция генерал-майоры Қызылов Мирлан Ахмедияұлы өз сөзімен ашты.
Іс-шараға көптеген қонақтар қатысқан болатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы департаментінің басқарма басшысы Берік Айдарбек Бекжанов, Қостанай облысы қорғаныс істері жөніңдегі департаментінің бастығы полковник Сергей Генадьевич Кузнецов, Қостанай облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Қанатұлы Рыспаев, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы полковник Талғат Базарбайұлы Какимов, Қостанай облысы Ішкі істердепартаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Мереке Нағашыбайұлы Альшагиров, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының орынбасары полковник Еркін Ахметаевич Камышев.
Академия құрамы ант қабылдау рәсіміне барлығы белсене қатысты, солардың ішінен ерекше көзге түскен 3 курс курсанттарының орындауында хор Академия әнұранын шырқады. Академия домбырашылары және дабылшы қыздарымыз , 3 курс карабин ерлері көрермен көзайымы болды. Академия спортшылары керемет өздерінің өнерлерін келген қонақтарға паш етті.
Осылайша 23-ші қыркүйек 2017 жылғы 1 курс курсанттары үшін ерекше есте қаларлықтай күн болды.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі,
3 курс курсанты Советов Бексұлтан