МИНИСТР МАРАПАТТАҒАН КОМАНДА


Осы жылдың 24-25 тамызында Қызылжар өңірінде ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен «Парасатты полицей» республикалық байқауында III орынды жеңіп алған «Қабылбаев ұрпақтары» командасы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымовтың Алғыс хатымен марапатталды.
Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Каппасов 25 қыркүйек күні аталған команданың мүшелері: полиция капитаны Б.Альпеисовты, полиция майоры Т.Баймагановты, полиция майоры, Ж.Нұрмағанбетованы, полиция капитаны Б.Жандауов пен полиция капитаны Т.Тулубаевты қабылдап, Министрдің Алғыс хатын салтанатты түрде табыс етті.
Команда мүшелері Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Каппасов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Қалибек Дерипсалдинмен естелік суретке түсті.

Құрбанәлі Елмұратов,
Мемлекеттік тіл бөлімшесінің бастығы