Саптық байқау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында он сегізінші қыркүйек күні 3 курс басшылығы курс арасында саптық байқау өткізді.Саптық байқаудың мақсаты курсанттардың сырт келбетін қадағалау және қалпына келтіру.Саптық байқау барысында 3 курс курсанттарының сырт келбеті жағымды,нысанды киімдердің киілуі қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әр кызметкері әрқашан қайда жүрсе де киім кию нысанын сақтап, таза жүруі қажет.

            

Жалпы саптық байқау – әскери қызметшілерді, курсанттарды   тәртіпке үйрететін ,оларда жоғары саптық бойын түзету, үлгілі әскери түр, саптың тәсілдерді  жылдам және дәл орындай алуды қалыптастыратын,ширақтыққа,ептілікке және шыдамдылыққа үйретеді..Ол курсанттардың және бөлімшенің табысты тактикалық дайындығының негізі болып табылады.

Академия баспасөзінің мүшесі

3 курс курсанты Советов Бексұлтан