Саптық байқау

Академиямыздағы басты талаптардың бірі ол нысанды киім үлгісін бұзбай, тартымды жүру. Бұл негізі тек Академиямызда ғана емес, жалпы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талап. Сондықтан да әрбір офицер  киім үлгісіне немқұрайлылықпен қарамай, әрқашанда тартымды көрінуге тиіс.

Біздің  Академия басшылығы да нысанды киім үлгісі бұзылмауына және офицерлер жеке құрамының әр қайсысы тардымды жүруін жіті қадағалайды.

Биылғы саптық байқау Академия қабырғасында 2017 жылғы 18 қыркүйек күні ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылында Академия  басшылығы Академия офицерлер жеке құрамында саптық байқау өткізді. Саптық байқауға Академия офицерлер жеке құрамы толығымен жүз пайыз көлемінде қатысып, байқау барысында офицерлердің нысанды киім үлгісі, оның сыртқы келбеті толығымен тексерілді.

Байқаудан кейін ешқандай ескертулер болмағаны анықталды. Бұл әрине қуантарлық мәлімет. Дегенімен де Академиямыздың айнасы болып тұрған — ол офицерлер құрамы.

Осындай саптық байқаулар Академиямызда басшылықпен жиі өткізіліп тұрады. Тек офицерлер жеке құрамына емес Академия курсанттарына да осындай талаптар қойылып, саптық байқаулар өткізіледі.

Кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы

полиция майоры Руслан Аужанов