Құрметті Мирлан Ахмедияұлы!

Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде Қостанай қаласында орналасқан еліміздегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз.

Өзіңіз басқарып отырған білім ошағының ұжымы Сізді үлкенге ілтипатты іні, кішіге қамқор аға, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азамат, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қатаңдығы мен әділдігі үйлескен білікті басшы ретінде үлгі тұтады.

Биылғы мүшел жасыңыз Сіз үшін жетістікке толы болды. Өйткені әскери атақтардың биік шыңы генерал шенін бағындырдыңыз. Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз!

Игі тілекпен,  Академия ұжымы