Қазақстан халықтарының тілдері күні

Қазақстанда 1989 жылғы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Содан бері елімізде жыл сайын қыркүйек айында «Тіл апталығы», «Тіл күні» секілді тәрбиелік мәні зор игі шараларды өткізу дәстүрге айналған. Біздің оқу орнымыз да «Қазақстан халықтарының тілдері күні» аясында ұйымдастырылатын іс-шаралардан тыс қалып көрген емес. Биыл академияда 18 шара өткізу көзделіп отыр. Оған профессорлық-оқытушылар құрамы мен күндізгі оқыту факультетінің курсанттары, сонымен қатар магистранттар мен тыңдаушылар тартылатын болады.

Өткізілген әрбір шара туралы ақпарат академияның сайтына орналастырылады және айдың соңында жалпы қорытындысы шығарылады.

Академияның ұжымын 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесімен құттықтаймыз және жоспарланған шараларды абыроймен, биік дәрежеде өткізуге шақырамыз.

Мемлекеттік тіл бөлімшесі