Тәжірибелік қызметкермен кездесу

2017 жылдың 14 қыркүйегінде 2017-2018 оқу жылына тәжірибелік жұмыскерлерді сабаққа қатыстыру жоспарына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қауіпсіздігін қадағалау және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Культаева Куляй Қабылдаевна Қазақстан Республикасы Еңбек құқығы пәнінен «Еңбек құқығының субъектілері. Еңбек қатынастарының туындау негіздері» тақырыбындағы КОФ 2 курсының (201-204 топтар) дәріс сабағын өткізуге қатысты.

 

Кездесуде еңбек құқығы субъектісінің түсінігі мен ерекшеліктері, еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі мен классификациясы, олардың түрлері, еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесі мен олардың мазмұны, әрекетқабілеттілік, субъективтік құқық және міндеттіліктер, бұл құқықтардың кепілдіктері мен міндеттіліктері, еңбек құқығы субъектілерінің әрекет қабілеттілігі, жұмыскерлердің өкілдері мен олардың өкілеттіктері, еңбек қатынасы пайда болуының негіздері, жұмыскер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.

Кездесудің негізгі мақсаты курсанттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек құқығы аясындағы нормативтік құқықтық актілермен таныстыру, «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының» Мемлекеттік мекеме қызметін түсіндіру, ол Қазақстан Республикасы еңбек қатынасын реттейтін басты мемлекеттік орган болып табылады.

Курсанттар сұрақтарды талқылауға белсенді қатысты, ерекше назар Қазақстан Республикасы еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау мен еңбек заңнамасына, Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау сұрақтарына бөлінді.

МҚП кафедра оқытушысы

полиция капитаны Д.Т. Карымсакова