Күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанттарымен кездесу

2017 жылдың 16 қыркүйек күні ҚР ІІМ  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанттарымен жалпы курсанттардың жаңа оқу жылына Академия күнтізбесімен құрылған оқу жоспарымен таныстыру бойынша нұсқаулық жиналысы Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Каппасовтың қатысуымен өткізілді.

Полиция полковнигі Е.Т.Каппасов өзінің кіріспе сөзінде ең алдымен Астана қаласында өткізілген халықаралық арнайы мамандандырылған «ЭКСПО – 2017»  көрмесінде қоғамдық тәртіпті сақтауда тәртіп сақшысы қызметін мінсіз атқарған КОФ 4 курсының қыздарына Академия ұжымы атынан өз алғысын білдіріп, таяуда ғана Торғай өңірінде еліміздің ғасыр бойы аңсаған арманы батыр бабамыз Кейкі Нұрмағанбетұлының бас сүйегінің елге қайтарылып, жер қойнауына ресми түрде табыс ету іс-шарасына КОФ 4 курс курсанттары мақтанышпен қатысқанын айтып, академияның беделін көтеретін осындай іс-шараларды өткізуде курсанттарды тәрбиелеп отырған курс бастығы Мурзагалеев Марат Серікұлына да өз алғысын білдірді.

Жиналыста  күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанттарына бұған дейінде түсіндіріліп келе жатқан Академияның аумағынан тыс тұру кезіндегі барлық нұсқаулықтар, жолда жүру ережелері, курсанттың өзіне сай жүріс-тұрыс ережесі түсіндіріп айтылып, ескертуге алынды. Соңғы оқу жылында күтіп тұрған Қазақстан Республикасының ЖОО-ның арасындағы Оқу жетістігін сырттай бақылау күтіп тұрғанын және курсанттардан жақсы көрсеткіш күтетінін еске салды. Және де осы жылы өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы, оның мақсаты мен міндеттері курсанттардың назарына салынды.

Қорытындылай келе ағымдағы жылдың оқу жоспары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, алдағы оқу жылында курсанттарға күш жігер және сәттілік тіледі.

Абыроймен жаңа оқу жылын бастаған 4 курс курсанттары Академия басшылығы тарапынан жылы лебіздер естіп, бір марқайып қалды.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі,

4 курс курсанты

полиция қатарындағы 

Ұлбосын Маликова