Кейкі батырдың тарихи тойына курсанттар қатысып, ат салысты

Жақында киелі Торғай өңірінде еліміздің ғасыр бойы аңсаған арманы орындалды. Ол арман батыр бабамыз Кейкі Нұрмағанбетұлының бас сүйегінің елге қайтарылып, асемде сұлу кесенесінің тұрғызылуы, ас беріліп, құран оқылып, жер қойнауына ресми түрде табыс етілуі еді.

Бұл іс шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы тарихи мұраны сақтауға бағытталды. «Ұлттық біртектіліктің тірегі саналатын ескерткіштер мен тарихи орындарын жаңғырту, қайта жөндеу жұмыстары Қазақстанның сакральдық географиясы жобасын ұйымдастыру аясында жалғаса бермек.

Тарихи шараға ҚР Парламенті депутаттары, елге танымал ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Тарихи сəт – батыр сүйегін жерлеу рəсімінен басталды. Сүйекті жер қойнына тапсыру рəсіміне ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіхалықова, ҚР мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қостанай  облысының əкімі Архимед Мұхамбетов, Венгрияның Қазақстандағы елшісі Барани Андраш, ҚР Парламенті депутаты Қуаныш Сұлтанов, жазушы Сəбит Досанов және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов, Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Қаппасов және 40-тан астам 4 курс курсанттары қатысты.

Кейкі батырдың кесенесі Аманкелді ауданына қарасты Тасты ауылының қырындағы, Жалдама-Арқалық тас жолының маңынан салынған.

Осынау айтулы іс-шараға біздің академияның курсанттары мақтанышпен қатысты. Бұл әрине курсанттары үшін және академияның беделі үшін ауыз толтырып айтарлықтай қуаныш деуге болады. Өткені қазақ елінің аңсаған қуанышының басты себепкері болу курсанттар үшін, ұмытылмас тарихи сәт. Оны осы іс-шараға қатысып, келген әр курсанттың ауызынан естуге болады.

Тарихи шара кезінде концерттік бағдарламалар, ғылыми конференция, ақындар айтысы,  ұлттық спорт түрлерінен түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Тағы бір қуантарлық қуанышты хабар Қостанай облысында бой көтерген Кейкі батыр кесенесі «Киелі Қазақстан» жобасына кіреді.

Академияның баспасөз қызметі