Белбеу күресінің  шебері атанды

Шілде айында Қостанай қаласында Татар халқының «Сабантой – 2017» республикалық мейрамы аталып өтілген болатын. Сол тойда әртүрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, сонымен қатар мейрам аясында «Белбеу күресінен» ҚР-ның абсолюттік чемпионаты өткізіліп, көрермендерді ерекше тәнті еткені бар. Аталмыш бәсекеге Академиямыздың бетке тұтар мақтанышы, түйе балуан, Қазақстан Республикасының самбо күресінен спорт шебері және облыстық «Полиция барысы 2017» жеңімпазы, ЖжДД кафедрасының оқытушысы, полиция майоры  Кабидуллинов Ержан Айтбайұлы қатысып, жай ғана қатысып қана қоймай, тынымсыз еңбегі мен күш – қайратының арқасында барша қарсыластарын шаң қаптырып, жеңіс тұғырына нықтап табан салғандығы және де бәсекенің бас жүлдесі темір тұлпар лада «гранта» автокөлігін қанжығасына байлағандығын да еске сала кетейік.

Ал қыркүйектің 7-сінде жеңімпаз Ержан Айтбайұлына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті тарапынан 2017 жылғы 6 – қыркүйектегі № 237 бұйрығы бойынша осы белбеу күресінен «Қазақстан  Республикасының спорт шебері» атағы салтанатты түрде табысталды.

Алдағы уақытта Кабидуллинов Ержан Айтбайұлына сәттілік, жеңіс және қажымас қайрат, алар асуларыңыз алда болсын деп тілейміз.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі,

КОФ 3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан

 

Признан мастером спорта

В июле месяце в городе Костанай праздновали Республиканский праздник народа Татарстана «Сабантой – 2017». В этом празднике проходили различные народные игры, а также в рамках праздника прошел абсолютный чемпионат РК по «Белбеу күрес». На данном чемпионате участвовал гордость Академии, мастер спорта РК по самбо и призер «Полиция барысы 2017», преподаватель кафедры БиФП майор полиции Кабидуллинов Ержан Айтбаевич. Стоит отметить что благодаря своей неиссекаемой силе и труболюбию смог одалеть своих соперников и уверенно стоял на пьедестале славы, а призом данного чемионата был автомобиль «Лада Гранта» владельцем который стал  наш Ержан Айтбаевич.

7-го сентября на торжественном церемонии приказом № 237 от 6-го сентября 2017 года Министерсвом культуры и спорта, комитетом по делам спорта и физической подготовки было присвоено «Мастер спорта Республики Казахстан» по данному виду спорта.

В дальнейшем желаем Кабидуллинов Ержан Айтбаевичу удачи, побед и здоровья.

Пресс-служба курсантов Академии

курсант 3-го курса

Өтешқалиев Е