Әлеуметтік жұмыскер қызметі бағыттарының бірі ретіндегі кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс

2017 жылы 14 қыркүйекте күндізгі оқыту факультетінің 313-314 оқу топтарының курсанттарымен «Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша Балаларға және жасөспірімдерге арналған пана үйіне шығу сабағы өткізілді.

Пана үйі — жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету және бұдан әрі өмірге баулу жолымен әлеуметтік көмек көрсету үшін құрылған білім беру мекемесі.

Орталықтың негізгі жұмыс бағыты қиын өмірлік жағдайға тап болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және оңалту болып табылады. Пана үйіне көбінесе балалар отбасындағы нашар жағдайлардың кесірінен тап болады.

Өмірдің осындай күрделі жағдайларында пана үйінің қызметкерлері балаларға көмекке келеді. Пана үйіндегі тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгін және психофизикалық ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидатымен жүргiзіледi.

Балалармен күнделікті тәрбиешілер, әлеуметтік педагогтар, педегог-психолог және медициналық қызметкерлер жұмыс істейді және олар тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психофизиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес әзірлейді.

Пана үйінің әкімшілігі баланы одан әрі өмірлік орналастыру үшін бала мәртебесін растайтын толық құжаттар пакетін жинақтауды іске асырады.

Жалпы, Пана үйінің қызметі туралы айтқанда, бұл мекеме кәмелетке толмағандар үшін уақытша болғанына қарамастан тұруға жарасымды және жайлы орын болып табылатынын атап өткіміз келеді.

Курсанттардың осы шығу практикалық сабағына қандай қызығушылық танытып және көңіл аударғанын көріп осындай сабақтардың болашақ мамандарға пайдалы және    қажетті екенін атап өту керек.

ІІО-да әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру

кафедрасының оқытушысы полиция майоры

Примкулова А.А.

Работа с несовершеннолетними как одно из направлений деятельности

14 сентября 2017 года в рамках изучения дисциплины «Социальная работа с различными категориями населения» с курсантами 313-314 учебных групп было проведено выездное занятие в Приют для детей и подростков.

Курсанты узнали, что Приют – это организация образования, которая создается для оказания социальной помощи детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, путем организации их временного проживания и дальнейшего жизнеустройства.

Основными направлениями работы центра являются социальная адаптация и реабилитация несовершеннолетних, оказавшихся в сложной жизненной ситуации. В основном дети попадают в Приют из-за неблагополучной обстановки в семье.

Вот именно при таких сложных жизненных ситуациях на помощь детям приходят сотрудники приюта. Воспитательная работа в приюте ведется с учетом интересов, склонностей и психофизических особенностей воспитанников на принципах сотрудничества детей и взрослых.

С ребятами ежедневно работают воспитатели, социальные педагоги, педагог-психолог и медицинские работники, которые разрабатывают воспитательную программу в соответствии с психофизиологическими особенностями воспитанников, требованиями охраны здоровья, защиты прав и интересов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.

Администрация приюта осуществляет сбор полного пакета документов, подтверждающих статус ребенка, для его дальнейшего жизнеустройства.

О деятельности Приюта в целом, хотим отметить, что это учреждение действительно является для несовершеннолетних хоть и временным, но уютным и комфортным местом проживания.

Видя, с каким интересом и вниманием отнеслись курсанты к данному выездному практическому занятию, хочется отметить, что такого рода занятия полезны и необходимы будущим специалистам.