Әскери самбодан облыс чемпионаты

Жылда дәстүрге айналған әскери самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты жақын арада өткізілмек. Соған орай қыркүйектің 10 күні Академия спорткешенінде әскери самбодан 23 жасқа дейінгі  облыс біріншілігі өткізілді. Жарысқа Қостанай облысының аудандарынан келген жас спортшылар бар күштерін салып, қызықты жарыс көрініс тапты. Біздің академиямызданда әр салмақта бірнеше спортшылар намысты қорғады. Негізінен Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама  беру үшін өткізілген жарыста, академия курсанттары айтарлықтай нәтиже көрсетіп, әр салмақтан кем дегенде бір жолдамадан йеленді.

Енді алда ең маңызды жарыс курсанттарымызды күтуде. Осы күнде бапкерлерімен куррсанттарымыз қызу дайындыққа кірісіп кеткен. Кем дегенде бір алтын медаль күтетініміз жасырын емес. Алдағы жарыста курсанттарымызға сәттілік тілеп, жарысты абыроймен өткізейік.

Академия баспасөзінің мүшесі

2 курс курсанты Д. Әділдәбеков