Берілген тапсыр ма, айтылған ескертпелер орындалып оң шешімін табуда

«Басшылар шынайы талап етсе, қызметкерлер ауызбіршілікпен қызмет етсе, Академияның алдағы алар асулары әлі алда» деп, менде былтырғы Академия бастығының Академияның ауласын, қызметтік кабинеттерін тексеру барысында осындай ой қорытындылап, мақаламды аяқтаған едім. Осы бір ойым, жақсы пікірім қабыл болғандай, былтырғы тексерістен кейін академияның жұмысы жанданып, тазалығы артып, қызметкерлердің ауызбіршілігі дамып, әдемі ұйымшылдықпен қызмет етуде. Әңгімем түсінікті болу үшін басынан бастайын.

Кеше дәлірек айтсақ, 2017 жылдың 7 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов бір топ комиссия мүшелерімен Академияның әкімшілік ғимараттарының және казрмалардың жер төлелерін, аулалардың тазалығын, автотұрақтардың қысқы мерзімге дайындықтарын, жалпы былтырғы ескертулер мен тапсырмалардың орындалу жағдайларын тексерді.

Жарты күнге созылған тексеріс барысында Академия бастығы былтырғы тапсырмалардың 90 пайызының орындалғанына және Академия аумағының тап-тұйнақтай тазалығына көңілі толып, ризашылығын білдірді. Дегенмен әлі де атқарылатын жұмыстар қыруар екенінде жасырмады.

Ал тексеріс барысында белең алған кейбір келеңсіздіктерге келетін болсақ, казарма астындағы жертөлелердегі апаттық жағдайдың болуына жол бермеу үшін жарықтардың болуын және шіріген құбырларды ауыстыру керектігін қатаң ескертті. Және де жертөледегі іске жарамаймын мүліктерді уақыты келсе шығынға жазуға ұсыныс жасады.  Барлық жертөлелерді тексерген соң, автотұрақтардың жағдайымен танысуға бет бұрды.

Тазалығы мен жөндеу жұмыстары сай келетін қысқы жылуы бар автотұрақтарды көріп, алғысын білдірді. Одан соң төбесіне күрделі жұмыс жүріп жатқан спорт кешеніне және толықтай жөндеу жұмыстары жүріп жатқан күрек залының жұмыстарымен танысты. Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов барлық жүріп жатқан жөндеу жұмыстары тезарада бітіріп, уақытылы тапсыруын қадағалауды өз көмекшілеріне қатаң жүктеді.

Міне осылай Академияның тыныс-тіршілігін және аула және жертөле тазалығын аралаған комиссия академиялықтардың жұмыстарына көңілдері толып, істеріне абырой тіледі. Ендігі алдағы уақытта әкімшілік ғимараттарды және қызметтік кабинеттерді тексеру жоспарланып отыр.

Бізде айнадай жаркырап жатқан  ауланы көріп, Академия бастығының былтырғы ескерпелері мен тапсырмаларының уақытылы орындалып жатқанын тамашалап, бір сүйсініп қалдық.

Академияның баспасөз қызметі

Очередная проверка территории

7 сентября 2017 года начальник Костанайской академии Министерства внутренних дел Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева  генерал-майор полиции Кызылов Мирлан Ахмедиевич совместно со специально сформированной комиссией проверил состояние административных зданий Академии и их подвальные помещения, особое внимание акцентировал на жилые корпусы -казармы , в частности на степень их  подготовленности к зимнему отопительному сезону.

Остался довольным ремонтом и общим состоянием зимней стоянки служебных машин. Далее ознакомился с работами, которые проводятся в ходе капитального ремонта спортивного комплекса и борцовского зала Академии, строго приказал своим заместителям проконтролировать скорость проводимых работ и своевременную сдачу в пользование.

В конце дня он отметил, что на 90% были устранены те замечания, которые были сделаны во время последнего обхода и остался довольным чистотой, поблагодарив ответственных за это людей. Дал поручения по дальнейшему благоустройству и озеленению территории Академии и определил четкие направления, по которым и следует двигаться для достижения поставленных задач.

Пресс-служба курсантов

рядовой полиции Абдуллаева Д