Жеңіл атлетика

Қазақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 1 қыркүйек күні «Білім күніне» арналған жеңіл атлетикадан спартакиада өтті. Жарысқа Қостанай қаласының спорт мектебі және Қостанай академиясының 1-3 курстары қатысты. Спартакиада 5 түрлі қашықтықта өткізілді:100 м, 200 м, 400 м, 800 м және 4х100 м эстафета түрінде болды.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігі бәрімізге мәлім.Спортпен айналысқан адамның  денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.Елбасы Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан-2030» стратегиясында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту,моральды және затты қанағаттану үшін, өзін – өзі дамыту үшін шұғылданды.Спорт түрлерінің ішінен жеңіл атлетика ең көп тараған түрі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

Демалыс кундеріміз академия төңірегінде бос өтпейді,курсанттарды спорт жағынан ынталандырып  салауатты өмір салтын ұстануына орай өткізіледі.

Жарыс қызықты әрі әділ өтті. 1- ші орынды 3 Курс курсанттары алды.2- ші орынды 2 курс  , 3- ші орынды 1 курс курсанттары алды.

Осылайша Академия курсанттары жүгіруден алдарына жан салмай, өздерінің  нағыз болашақ жүйрік полицейлер екендіктерін тағы да дәлелдеді.

Академия баспасөз қызметі

полиция қатарыңдағы Советов Б.Е