Ата заң – Азат елдің ар – намысы!

Тамыз айының 30-ы күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының

3-курс курсанттары Конституция күнін атап өтті.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің  бүгінгі құрылымын шынайы бейнеленген, ұлттық мақсатымызды айқындап берген темірқазығымыз. Ата заң бұл – дербес мемлекеттігімізді көрсететін, азаматтығымызды айқындайтын, Тәуелсіздігімізді паш ететін, егеменді ел екенімізді көрсететін қастерлі төл құжатымыз.  Біздің бүкіл тыныс – тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

Ата заңымыз әр бір тәртіп сақшысы үшін киелі әрі өте құнды болып табылады. Өйткені ол заңдардың темірқазығы, заң атасы саналады. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейін сенің құқығыңды сақтайдын, құрдан – құр сөреде жатпайтын баталы заң.

3-курс курсанттары және басшылық құрамы  барша Қазақстандықтарды және Академия жұртшылығын ұлы мерекемен шын жүректен  құттықтайды! Аспанымыз ашық, Отанымыз тыныш, еліміз аман болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, көк Туымыз көгімізде желбірей берсін!!!

Еліне арналатын тілегі шын,

Ей,ұлым – Отанымның түлегісің!

Іргесін еліміздің тіреп тұрған

Қадірін ата заңның білемісің?!

Ешкім де мін тағалмас елдігіме,

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Арайлы күнге жол аштың,

Аманат болып атадан.

Айбыны сенсің – Алаштың,

Арымдай асқақ Ата – заң!

Раббысын ғана растайтын,

Басымды ием мың рет.

Тура біржолға бастайтын

Құраннан соңғы құдірет!

Академияның курсанттар баспасөзінің мүшесі

3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан