ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРУ


2017 жылғы 30 шілде күні Астана қаласына «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қызмет атқаруға келген 4 курстың курсант-қыздары тұратын жатақханасының тұрмыстық жағдайын тексеру үшін ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының көмекшісі полиция полковнигі Қ. Айтқұлов іс-сапармен келді.

Одан басқа, біздің курсант-қыздарымыздың келген күні 2017 жылғы 26 шілде күні 4 курс бастығының орынбасары полиция аға лейтенанты Н. Бақытқалиұлы бірінші ауысымның жеке құрамын және киім үлгісін тексеруге жатақханаға келді.

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының көмекшісі полиция полковнигі К. Айткулов жалпы саптық тексерісте кезекті нұсқаулық жүргізіп, «ЭКСПО-2017» аумағында қызмет атқару бойынша бағыт бағдар берді, сонымен қатар Мемлекеттік қызметкердің Этикалық кодексін және әскери-қызметтік тәртібін сақтауға нұсқау берді.
Кездесу соңында полиция полковнигі К.Айткулов курсант-қыздарға қызмет атқару барысында сәттілік тіледі.

полиция подполковнигі Г. Кожмухамедова
полиция капитаны В.Касенова