Академияға оқуға қабылдау рәсімі аяқталды

2017 жылдың 27 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының саптық алаңында 2017 жылғы талапкерлерді ресми түрде оқуға қабылдау туралы салтанатты іс-шарасы өтті.

Салтанатты іс шараға Академия басшылығы оқуға қабылданған талапкерлер, олардың ата-аналары және басқа да қонақтар қатысты.

Мінбеде Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов оқуға түсуші талапкерлерді жемісті еңбектерімен құттықтап, болашақтарына сәттілік тіледі.

— Құрметті талапкерлер Сіздер бүгіннен бастап, «талапкер» деген сөзден Академияның курсанттар қатарына қабылданып отырғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерді алдағы уақытта өмірдің үлкен сынақтары күтіп тұр. Сол сынақтан мойымай, сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Сіздер алдағы уақытта жоқ дегенде 20 жыл органда қызмет етесіздер. Сондықтан ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың еңбегін ақтаңыздар, — деді ақжарма тілекпен Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы.

 Академия бастығының құттықтауынан кейін, Кадр бөлімінің бастығы полиция полковнигі Айбек Қажыкенұлы Ибраев мандаттық комиссияның шешімімен талапкерлерге оқуға түсу туралы бұйрықты оқыды.

 500-ден астам талапкер бақтарын сынап, оның талапқа сай 200-ден астамы оқуға қабылданды. Академияда білім алып, болашақта елдің үлгілі тұлғасы болуды армандайтын курсанттар өз тілектерін мінбеге шығып, көпшіліктің алдында жасырмады.

-Мен Алуа Арманқызы Жолдасбекова Павлодар қаласынан осы академияға түсуге арнайы келдім. Бір апта Академияда жатып, бағымды сынап көрдім. Бағым жанып, Академия курсанты оның ішінде Ресей Федерациясының ІІМ Красноярский университетіне түскеніме қатты қуаныштымын. «Армандар орындалады» дегенге бүгін көзім жетті. Мен өзім мектепті «алтын белгіге» тәмәмдадым. Ендігі уақытта мектептегі ұстаздарымның еңбегін бағалауға және Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының есімін шетелде мәшһүр етуге сөз беремін.

-Мен Водолазкина Татьяна Александровна Қостанай қаласының тумасымын. Тағдырдың соққысымен ата-анам ерте қайтып, Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісімін. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 105 бал алдым. Оқуым жаман емес, мектепте жақсы оқыдым. Қазіргі таңда волейбол спортымен айналысамын, нәтижемде жаман емес, 1-ші дәределі спортшымын. Менде бүгінгі бақытты жағдайды басымнан кешіп отырмын. Менде Ресей Федерациясының Краснодарский Университетінде оқуға жолдама алдым. Бұл менің басыма қонған бақыт құсы, сондықтан маған сеніп тапсырған сенімдеріңізді ақтауға сөз беремін, — деді ағынан жарылған қыздар.

Салтанатты шарадан кейін талапкерлер, ата-аналар Академия басшылығымен естелік суретке түсті.

Академия баспасөз хатшысы М. Оспанов