Аламанға түскен талапкерлер

Бүгін 25 шілде талапкерлердің Академия қабырғасында бақтарын сынап жатқанына 5-ші күн болды. Оқуға түсіп жатқан талапкерлер 3000 метрлік жеңіл жүгірістен бәйгеге түсіп, сынақтан өтуде. Дегенмен қойылған талапты толық орындамаса да жолда құлап, аяқ-қолын ауыртып жатқан ешкім көзге түспеді. Жарыстың аты жарыс, кім мықты сол жеңімпаз екенін жақсы білеміз.

Казармалық үй-жайда жатқан талапкерлердің көңіо күйі тамаша. Уақытында тамақтарын ішіп, спортпен айналысып, мәдение шараларға қатысуда.

Бізде соңғы сынақтарын тапсырып жатқан талапкерлердің фотосуреттерін сайтымызға жүктеп, халықты ақпараттандыруды жөн санадық.