2017 жылғы талапкерлердің талабы жаман емес

Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында оқуға түсуші талапкерлердің 4-ші күні өтіп жатыр.
Осыдан, дәлірек айтсақ, 21 шілде күні барлық талапкерлер оқуға түсу құжаттарын дайындап, дене шынықтыру бойынша емтихан сынақтарын тапсырып, бақтарын сынауда.
Осы уақыт аралығында казармалық үй-жайда жатқан талапкерлер, уақыттарын бос өткізіп, іш пысарлықтай жағдайда емес екен. Олардың қал жағдайларын білейік деген оймен, бір-екі талапкерлерді сөзге тартқан едік.
-Мен бүгінгі таңда медициналық байқаудан мүдірмей өттім. Ендігі кезекте дене шынықтыру емтиханынан мүдірмей өтсем, керемет болар еді. Дәл қазір 1000 метрлік қашықтықта жүгіріп келдім, нәтижем жаман емес.
Менің атым Диана Дүйсенова Шығыс – Қазақстан облысы Семей қаласы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылының тумасымын. Мектеп қабырғасында жүргенде сабағымды 4 пен 5ке оқып, спорттың бірнеше түрімен шұғылдандым. Мәселен , жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, гір тасын көтерумен айналыстым.
Сіздердің академияларыңыз біздің жерлес атамыз, генерал Шырақбек Қабылбаевтың есімімен аталады екен. Менде болашақта осы академияға түсіп жатсам, атамыздың атын шығарып, үлгілі курсант, үлгілі офицер атанар едім.
Бүгінгі таңда казармада бостан босқа жатқанымыз жоқ, қол боста Академия туралы фильмдер көрсетеді, соны тамашалаймыз. Академия ішіндегі мұражайларды араладық. Маған Академия қатты ұнап қалды, әсіресе, казармалық үй жайда жатқан. Көптеген достармен таныстық, қазір бір ата-ананың баласындай күн кешіп жатырмыз.
Осындай үйіміздей жақсы жағдай жасаған Академия басшыларына айтар алғысымыз мол, — дейді ағынан жарылған Семейлік Диана.
Бізде спорттық сынақты қалай тапсырып жатқанын өз көзімізбен көру үшін академияның стадионына барған едік. Тепсе темір үзетін жігіттер, қыздай қылықтары бар қыздар, қолдарынан келгенше аянып қалмай, академияның курсанты атануға бар күш-жігерлерін салып жатқан талапкерлерді көрдік. Барлығы да аламан бәйгеде бақтарын сынауда. Стадионнан кейін түскі астарын бақылау үшін, асханаға бардық. Бір-екі талапкерден тамақтың мәзірін, дәмін сұрастырған едік.
Барлығы бірдей асхананың тамағы үйдің тамағындай екенін жасырмай бірауыздан айтты.
Міне, осылай 4 күн Академияда жатқан талапкерлердің жағдайын сұрастырғанымыздат барлығы көңілдерінен шығатындарын байқадық. Төрт күн бірге тұрған талапкерлердің аяқ алыстары, ұйымшылықдықтары көңілге медеу ұялатады. Бізде 4 күн бірге жүрген талапкерлерге 4 жыл бірге оқып бітіруге тілектестік білдірдік.

  

Академия баспасөз хатшысы М. Оспанов