«Мәдениет университеті»

Мәдениет университеті құрылып, өзінің оқу жұмыстарын соңғы төрт ай көлемінде оқу кестесіне сай жүргізіп келді. Осы төрт айдың ішінде курсанттарға жүргізілген Заманауи асхана этикеті, театр, хореография, классикалық және  заманауи музыка бойынша дәріс сабақтары өзінің жемісін көрсетті. Мәдениет университеті жобасы курсанттарға оң нәтижесін беруі оның бекерден құрылмағандығын, осы уақыттар бойы өткізілген дәріс сабақтарының барлығы жәй қалмай курсанттардың бойына ішкі істер органдарының мәдени білікті,  сөйлеу мәнері дамыған қызметкерлерді болашақта тәрбиелеп шығаратынын көрсетті.

Жалпы курсанттар академия басшылығының қолдауымен «Қазақ драма театрына», одан өзге түрлі мәдениет орталықтарымен үлкен іс-шараларға қатысуда. Міне осындай сәттерде курсанттардың өз-өздерін қалай ұстау керек екендігі, сөйлеу мәнерімен адамдармен қарым-қатынаста өздерін жоғары деңгейде ұстай біледі. Осының барлығын сараптай келсек «Мәдениет университетінің» алға қойған мақсаты толығымен орындалуда.

«Мәдениет университетінің» дәрістері жайлы және оның курсанттар үшін қандай пайда әкеліп жатқандығы туралы 1-ші курс курсанттарынан сұхбат алған едік:

— Мәдениет университетінің пайдалы дәрістерін бізге үйретіп, түсіндіргені аз емес. Жалпы адам өмірінде қарапайым нәрселердің өзі мүлдем керексіз көрінеді. Бірақ олар адам өмірінде үлкен рөл атқаратындығын естен шығарып жатамыз. Мәселен өзімізді ұстау, асханада дұрыс отырып тамақтану, жалпы асхана этикеттері, дұрыс сөйлеу мәнері, адамдармен ара қатынас т.б. ұстанымдарды байқаусыз қалдырамыз. Шындығында мәдениеттілік ұстанымдары адам өмірінде маңызы зор. Жалпы мәдениет университетінің әр түрлі дәріс сабақтары әр курсантқа рухани мәдениеттілік және адами сауаттылық жағынан өте үлкен пайдасын тигізетіні сөзсіз. Академиямызда құрылған мәдениет университеті курсанттарымызды жоғарыда айтылғанның барлығына үлкен үлесін қосып, мәдени білікті болуға септігін тигізуде, — дейді, 1 курс курсанты полиция қатарындағы І. Әділ

— Академиямызда Мәдениет университеті жобасы құрылып, дәріс сабақтарын өткізе бастағанда біз бұның не керегі бар ? — деген ой туындаған еді. Біз барлығын білетінімізге сенімді едік. Бірақ қателесіп жүргенімізді енді түсіндік. Біз білмейтін, әлі үйренетініміз  көп екендігіне көз жеткіздік. Жалпы осы дәріс сабақтарынан бізден болашақта үлгі тұтар ішкі істер органдарының маманы шығатынына сенімдімін» — 1 курс курсанты полиция қатарындағы И. Қалила.

-Мәдениет университетінің негізгі құрылу мақсаты ол – құқық қорғау жүйесінде ішкі істер органы маманының жеке тұлғасына әсер ететін жалпы мәдени біліктілігін қалыптастыру болатын. Осы мақсатқа ілгері жүріп, жетіп келе жатқан «Мәдениет университеті» керемет жобалардың бірі деп есептейміз. Осындай жоба барлық құқық қорғау органдарының жоғары оқу орындарында ашылса, бұл  жоғары жетістік болушы еді. Барлық  құқық қорғау органдарының жоғары білімді мамандары осыған сай мәдени білікті маман болып шықса ішкі істер органдарының қызметкерлерінің халық алдындағы беделдері жоғарылай түсері сөз.

Ш. Қабылбаев атындағы

Қостанай академиясының баспасөз қызметі