ІІД мұражайы

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 106 оқу тобының курсанттары Қостанай қаласының ІІД мұражайында болып қайтты. Бұл іс-шараның басты мақсаты — курсанттардың танымдық қабілеттерін, патриоттық сезімдерін ашу және болашақ құқық қорғау қызметкерлері ретінде қалыптасуларына ықпал ету және Қостанай облысының ІІО қызмет жасап кеткен ардагерлер, өздерінің ерлік қасиеттерімен танылған батырлармен таныстыру болып табылады. Мұражайға бару арқылы курсанттар бос уақытын қызықты әрі тиімді өткізіп, тарихқа шолу жасап кетті. Курсанттар өздеріне қызықты деп таныған сұрақтарын қойып, тиісті жауап алып, досшыл ортада қайтты.

106 тобының кураторы

қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика

кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

А.М. Ғалым