Футбол ойыны – тәрбиелеу бағытының бір түрі

2017 жылдың 15 маусым күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Күндізгі оқыту факультеті 3 курсының  308 оқу топ командасы мен 1 курстың 103 оқу топ командасы арасында футболдан жарыс болып өтті. Аталмыш іс – шараны оқу топ жетекшілері Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Каражан А.А. мен қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Қайнар Ерболат Ержанұлы ұйымдастырды.  Спорттық іс – шараның негізгі мақсаты курсанттарды тәрбиелеу және топ арасындағы ауызбірлік пен ұжымдық рухты қалыптастыру және нығайту. Сонымен қатар кешкілік уақытта курсанттардың бір сергіп қалуын жөн көрдік. Ойын өте қызықты, әрі тартымды өтті. Спорттық іс-шара барысында курсанттар командалық ұйымшылдығы мен шеберліктерін көрсете білді.Жарысқа қатысушы  әрбір команда мүшесі жеңіске жету үшін бар күш – жігерін ортаға салды, сондай-ақ намысты қолдан жіберіп алмауға тырысты.  Кез келген курсант үшін бұл бір жағынан бақтарын сынап, өздерін жақсы жақтан таныта алу мүмкіндігі болса, екінші жағынан күнделікті курсанттық өмірлерін мәнді ету  болып табылады. Ойын соңында курсанттардың 308 оқу топ командасы жеңіске жетіп, жүлдегерлерге сыйлықтар табыс етілді.

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Қайнар Е.Е.

 

Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

Қаражан А.А.