Елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады

Кездесу барысында ведомство басшысы биылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегі  қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясындағы атқарылып жатқан істер жөнінде баяндады. Ішкі істер министрі  Мемлекет басшысына Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.

Елбасы құқық қорғау органдары жүргізіп отырған шаралардың нәтижелеріне тоқталып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың сапасын жақсарта беру қажеттілігін атап өтті және елдегі қылмыспен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Ішкі істер министрі Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде Астанадағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндап, ішкі істер органдарындағы реформалардың нәтижелері жөнінде айтты.

Елбасы Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуында тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне ризашылық білдірді. «Көптеген мемлекеттер басшылары мен қонақтар қатысқан «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуында қауіпсіздікті қамтамасыз еткен еліміздің бүкіл полиция қызметіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, «Сырбар» сыртқы барлау қызметіне және басқа да органдарға алғыс айтамын. Біз көрменің ашылуын ұйымшылдықпен өткіздік», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев мұндай іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің айрықша күрделі мәселе екеніне тоқталып, барлық құқық қорғау органдарының жұмысын жоғары бағалады. Офицерлердің барлығы белгіленген орындарынан табыла білгендігі, әрқайсысы өзіне тапсырылған іспен айналысқандығы және барлық салада да кәсібиліктің жоғары деңгейі қамтамасыз етілгендігі жайлы айтты.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

___________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

Встреча с Министром Внутренних Дел Калмуханбетом Касымовым

В ходе встречи Главе государства был представлен отчет о состоянии криминогенной обстановки в стране по итогам пяти месяцев 2017 года. Нурсултан Назарбаев, отметив результаты проводимых правоохранительными органами мероприятий, подчеркнул необходимость продолжения качественной работы по обеспечению безопасности граждан.

Министр внутренних дел также доложил о принимаемых мерах по обеспечению правопорядка в Астане в период проведения международной специализированной выставки «ЭКСПО-2017» и рассказал о результатах осуществляемых реформ в органах внутренних дел.

Нурсултан Назарбаев поблагодарил всех сотрудников правоохранительных органов за эффективное обеспечение безопасности церемонии открытия международной специализированной выставки «ЭКСПО-2017».

— Хочу объявить благодарность всей полицейской службе страны, Комитету национальной безопасности, Службе внешней разведки «Сырбар» и другим органам, которые обеспечивали безопасность на церемонии открытия «ЭКСПО-2017» с участием большого количества глав государств и других гостей. Мы провели открытие организованно, — сказал Президент Казахстана.

Глава государства высоко оценил работу всех служб, отметив особую сложность организации безопасности подобных мероприятий.

— В Астану были прикомандированы люди из областей. Все офицеры стояли на своем посту. Каждый занимался своим делом. Все было обеспечено на хорошем профессиональном уровне, — сказал Президент Казахстана.

В завершение встречи Нурсултан Назарбаев дал ряд конкретных поручений.

Пресс-служба курсантов Академии