“Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдіктілерді тергеу изоляторына қабылдау” — (жедел-тактикалық оқулардың қорытынды кезеңі)

2017 жылдың 2 маусымында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу-дала лагерінде жедел-тактикалық оқулардың қорытынды кезеңі өтті. Оқудың соңғы күнінің мақсаты – күдіктілерді УҰИ-нан айдауылдау және оларды тергеу изоляторына қабылдауды жүзеге асыру бойынша курсанттардың алдына тапсырмалар қою.

Оқулардың алдында әдеттегідей жалпы сапта тұру кезінде әрбір курсанттың оқу жаттығу кезіндегі рөлі айқындалды  және алғашқы нұсқаулар бекітілді. Жалпы сапта тұрудан кейін курсанттарға қойылған тапсырмаларды орындауға қажетті арнайы құралдар мен қызметтік құжаттардың үлгілері ұсынылды. Барлық ұйымдастырушылық ісшараларын өткізгеннен кейін оқу-жаттығудың басталуы туралы белгі берілді.

Курсанттардың алдына қойылған бірінші тапсырманың мәні күдіктілерді УҰИ-нан тергеу изоляторына айдауылдау. Белгіленген объектілер орналасуының ерекшеліктеріне байланысты күдіктілерді жаяу тәртіпте айдауылдау туралы шешім қабылданды. Бұл қойылған тапсырманы курсанттар өте жақсы орындады, себебі айдауыл бастығы нақты тапсырмалар қоя білді, сонымен қатар айдауылдар ұйымдаса отырып әрекет етті.

Күдіктілерді тергеу изоляторының территориясына жеткізу кезінде күдіктілерді қабылдау туралы келесі нұсқаулар берілді. Қойылған тапсырманы орындау үшін басшысы тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің рөлін ойнайтын курсант болып табылатын тергеу изоляторының кезекті ауысымы іске кірісті. Әрбір курсант өзіне берілген рөлді орындай отырып, теориялық оқу кезінде алған өзінің білімін және қабілетін шебер түрде қолданды. Кезекші ауысымның ұйымдасқан әрекеттері  және кезекшінің берген нақты тапсырмалары күдіктілерді қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес қабылдауға және орналастыруға мүмкіндік берді. Комиссия күдіктілерді тергеу изоляторына қабылдау барысында тергеу изоляторының әкімшілігінің рөлін атқарған курсанттардың қызметтік құжаттарды сауатты түрде құрастырғандығын атап өтті. Күдіктілерді қабылдау бойынша ісшаралар өткізілгеннен кейін оқу-жаттығу жетекшісі күдіктілердің тергеу изоляторындағы ұсталу жағдайларына наразылығынан көрініс тапқан топтық бағынбаудың жолын кесу бойынша соңғы нұсқаулар берді.

Кезекшінің жедел шешім қабылдауы және кезекші ауысымының бірлескен әрекеттері қолда бар күш және құралдар арқылы күдіктілердің топтық бағынбаушылығын жоюға, сонымен қатар мекеменің қызметін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Оқу аяқталғаннан кейін жетекші әрбір курсант қойылған мақсатты орындай білгендігі туралы хабарлады және әрбір қатысушының іс-әрекеттеріне оң баға берді.

                                                                  Қылмыстық,

                                                                  қылмыстық- атқару құқығы

                                                                  және криминология кафедрасы

“Прием подозреваемых в совершении уголовного правонарушения в следственный изолятор” – (заключительный этап оперативно-тактических учений)

 

02.06.2017 года в учебно-полевом лагере Костанайской академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева прошла заключительная часть оперативно-тактических учений. Суть последнего дня учений заключалась в постановке перед курсантами задачи о конвоировании подозреваемых из ИВС и осуществлении их приема в следственный изолятор.

Традиционно перед началом учений, на общем построении, каждому курсанту была определена его роль в учении и обозначены первоначальные вводные. После построения курсантам были предоставлены спецсредства и образцы служебных документов необходимые для выполнения поставленных задач. После проведения всех организационных мероприятий был дан сигнал о начале учений.

Первая вводная поставленная перед курсантами, заключалась в конвоировании подозреваемых из ИВС в следственный изолятор. В связи особенностями местонахождения обозначенных объектов, было принято решение о конвоировании подозреваемых в пешем порядке. С данной задачей курсанты справились на «отлично» поскольку наблюдалась четкая постановка задачи начальником конвоя, а также слаженность действий конвоиров.

При доставлении подозреваемых на территорию следственного изолятора, была дана следующая вводная о приеме доставленных. К выполнению поставленной задачи приступила дежурная смена следственного изолятора во главе с  курсантом, исполняющего роль дежурного помощника начальника СИЗО. Каждый курсант, выполняя обозначенную роль, умело использовал свои знания и навыки, полученные в ходе теоретического обучения. Согласованность действий дежурной смены и отчетливые указания дежурного позволили осуществить прием и размещение подозреваемых согласно нормам действующего законодательства. В ходе проведения приема подозреваемых в следственный изолятор комиссией было отмечена грамотность составления служебных документов курсантами, исполняющими действия администрации СИЗО.

После проведения мероприятия по приему подозреваемых руководителем учений была дана завершающая вводная о пресечении группового неповиновения, выразившаяся в недовольстве подозреваемых с условиями содержания в следственном изоляторе.

Оперативное принятие решения дежурным и лаконичные действия дежурной смены позволили купировать развитие группового неповиновения подозреваемых имеющимися силами и средствами, а также восстановить нормальную деятельность учреждения.

По завершению руководителем учений было объявлено о выполнении курсантами поставленной цели и дана положительная оценка действиям каждого участника.

Кафедра уголовного, уголовно-исполнительного права и криминологии