Қазақстандық полицияның 25 жылдығына арналған

2017 жылы маусым айының 1 күні Қазақстандық  полицияның 25 жылдығына байланысты «Хабар» телеарнасында полиция қызметіне арналған арнайы ток-шоу ұйымдастырылды. Осы маңызды іс-шараға Академия бастығының ғылым жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Сергей Николаевич Бачурин спикер ретінде және 1-ші, 4-ші курстың 9 барабаншы курсант қыздары бағдарламаның көркемдік сипатына қолдау көрсету үшін қатысты.  «Давайте говорить»  бағдарламасын «Хабар» телеарнасынан 2017 жылдың 22 маусым күні сағат 20.00  тамашалаңыздар!