“Мәдениет университеті”  

Мәдениет ол- әрбір адамның жүріс тұрысы, сөйлеу мәнері , айналадағы адамдармен қарым-қатынасы.Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан , осы жалғастықты , мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесін мәдениет қарастырады. Мәдениет осы отбасының тәрбиесінен басталады, балаға ата – анасы қандай тәрбие берсе, сол берген тәрбиелері баланың бойында мәдениет ретінде қалыптасып қалады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай акакдемиясында курсантарды тек оқу жағынан емес мәдениет жағынын да дамыту үшін Мәдениет университеті ашылды.

Академиямызға басқа жоғарғы оқу орындарынан оқытушылар келіп тәрбиелік сабақтарын жүргізеді.Сабақтар белгіленген тәртіп , уақыт бойынша өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жанындағы Мәдениет университетінде курсанттарды оқыту және ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

Мәдениет университетін құру мақсаты: мемлекеттік құқық қорғау үйесінде ішкі істер органы маманының жеке тұлғасына әсер ететін жалпы мәдени біліктілігін қалыптастыруда мәдениетін дамыту факторларын жандандыру. Курсанттардың белсенді өмірлік ұстанымын, жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, әдебиет, өнер, ғылым саласындағы білімдері мен жетістіктерін насихаттау. Курсанттар мен қызметкерлердің мәдени ой өрістерін кеңейту, жалпы білім беру деңгейін арттыру, рухани-адамгершілік, мәдени-эстетикалық, этика, эстетика, отбасы  мәселелерін, қоғамда өздерін ұстау ережелерін қалыптастыру. Курсанттар мен қызметкерлер алған білімдерін іс жүзінде пайдаланып, әдебиет және өнер шығармаларын дұрыс түсіну, бағалау, оны өнердің түрлі жанрларында қатыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Курсанттардың коммуникативтік мәдениетін және психологиялық қалыптасуын арттыру.

Академия жанындағы Мәдениет университеті құрылымына үш бөлімше кіреді: хореография мен заманауи этика және мәдени-эстетикалық тәрбие беру.Мәдениет университетінде мүдделі клубтар мен үйірмелер,шығармашылық шеберлік, көркемөнерпаздар ұжымы құрылуы мүмкін.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Мәдениет университетінің білім алушылары міндетті түрде күндізгі оқыту факультетінің 1-2 курс курсанттары болып табылады.Курсанттардың Мәдениет университетінде оқу барысында алған білім көлемі мен жүйесі оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламаларында белгіленген.Курсанттар Мәдениет университетінде оқу курстарын аяқталғаннан кейін мәдени-эстетикалық тәрбие, хореография және замануи этикеті бойынша сынақ тапсырып оқу курсын аяқтағаны туралы сертификат беріледі.

Академия Мәдениет университетіне өзінің қызметін жүзеге асыру үшін эстетиткалақ тәрбие залы, дәріс залдарын, аудиторияларын ұсынады, әдебиеттермен, оқулық және көрнекілік, техникалық құралдармен қамтамасыз етеді.

 

                                                                     2-курс

                                                                      Советов Бексұлтан