“ЭКСПО-2017” көрмесіне қатысатын курсант- ҚЫЗДАР

Қазақстанның “ЭКСПО-2017” өткізуге үміткерлігі Парижде 2014 жылы 24 сәуірде Халықаралық Көрмелер Бюросы атқарушы комитетінің отырысы шеңберінде мақұлданды. ХКБ 161 қатысушы-мүшесі өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында, Астананың өтінімін 103 қатысушы-елдер қолдаған, «қарсы» деп ХКБ 44 мүшесі дауыс берген. Қазақстандық астанамен қатар “ЭКСПО-2017” өткізу құқығынан сондай-ақ бельгиялық Льеж қаласы да үміттенген. Өз өтінімінде Бельгия «Адамдарды біріктірумен» тақырыбын ұсынды.

«Болашақ энергиясы» “ЭКСПО-2017” көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – жаңармалы энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру. ”ЭКСПО-2017” Орасан зор оқиғаға 100-ден астам ел, 10 халықаралық ұйым мен инновациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялар қатысады. Көрме шеңберінде бүгінгі күнгі өзекті энергияның баламалы көздері мен «жасыл технологиялар» сұрағындағы аса жаңа шешімдерді көрсету күтіледі.

Бүгінгі күні бізге қол жетімді энергоресурстар адамзаттың ажыратылмас мұрасы болып табылады, оны жауапты және ұтымды пайдалану қажет. Бұл жаһандық іс-шараның міндеті – энергия тұтынуды жоспарлау мен бақылау, сондай-ақ болашақ ұрпақтардың өмірі үшін қажетті тұрақты энергия көздері мен біздің ғаламшарымыздағы бүкіл жандыны сақтап қалу үшін халықаралық қоғамастықты жауапкершілік сезіміне шақыру.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсант-қыздары осы өтетін “ЭКСПО-2017” көрмесіне қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шақырылды. Жақында өзіміздің ару ,ақылды.сымбатты,өнерлі  2-курс қыздарымызды Астана қаласында өтілетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне шығарып салдық.

 

                                                                  Курсанттар пресс-служба қызметі