Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні.

Биылғы 31 мамыр Қазақстан үшін ерекше аталынып өтетін қаралы күн. Бұл жылы ашаршылық оқиғаларының болғандығына 80 жыл, саяси қуғын-сүргіннің, жалпы репрессияның болғандығына 75 жыл толып отыр. 31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойды. Біз бұл күнді қаралы күн деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр.

31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атыңдағы Қостанай академиясының 2 курс курсанттары Жеңіс саябағына барып Саяси репрессияның құрбандарын еске алуға арналған іс-шараға катысты. Осы іс-шара  Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтың сөзімен ашылды.

Қатыгез репрессияға талай халық ұшырады.Сол жылдары малға арналған вагондармен Қазақстан жеріне кәрістер,поляктар ,шешндер және тағы басқа халықтар айдауға жіберілді. Қазақ халқы сол қайғы-қасіретке толы жылдары бауырлас болып кеткен, бүгінгі тәуелсіз еліміздің бір бөлігі – көптеген ұлттарды ыстық құшағына бөледі.

Іс-шарада Қостанай облысындағы кәріс халқы қауымдастығының мүшесі,ақын жазушы  Мин Федор Микович өзінің репрессия жайлы өлең шұмақтарын оқыды.Бұл шараға «Ахыска»түрік қоғамдастығының мүшесі

Абилов Расим Абубакиров та келіп сөз сөйледі.Репрессия құрбандарын еске алу мақсатында үнсіздік минуты жарияланды . Бұл шара ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

Курсанттар пресс-служба қызметі