Магистратурада мемлекеттік емтихан өтті

Үстіміздегі жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми және педагогикалық магистратураның 2 курс магистранттары мемлекеттік емтихан тапсырды. Кешенді емтихан 4 пән бойынша өтті (қылмыстық, қылмыстық-процесс, қылмыстық-атқару құқығы және әкімшілік құқық).

Емтихан билеттерінің сұрақтары теориялық білім деңгейін анықтауға ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы заңнаманың өзекті проблемаларын анықтауға да бағытталған.

Магистранттар емтихан сұрақтарын толық көлемде ашып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Осылайша, комиссия мүшелері магистранттардың теориялық білім деңгейлерінің жоғары екенін бағалады. Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, отставкадағы полковник И.В. Слепцов магистранттар Г.З. Чутабеков пен Т.В. Бекмуханбетованы ерекше атап өтті.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелері магистранттардың білімін «жақсы» және «өте жақсы» бағаға бағалады.

Магистратураның түлектерін мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсырғаны үшін құттықтай отырып, алдағы магистерлік диссертацияларын табысты қорғауға тілектестік білдіреміз!

Магистратура

Выпускные экзамены в магистратуре

29 мая текущего года у магистрантов 2 курса научной и педагогической магистратуры набора 2015 года Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева состоялся государственный экзамен. Комплексный экзамен проводился по следующим дисциплинам: уголовное и уголовно-исполнительное право, уголовно-процессуальное, и административное право.

Содержание билетов включали вопросы, направленные  не только на определение уровня теоретических знаний, но и по актуальным проблемам применения действующего законодательства.

Магистранты в полном объеме раскрыли вопросы билетов и ответили на поставленные членами комиссии вопросы.

Члены комиссии отметили высокий уровень теоретических знаний магистрантов. Так, профессор кафедры уголовного, уголовно-исполнительного права и криминологии, кандидат юридических наук, полковник юстиции в отставке Слепцов И.В. отметил  выступления таких магистрантов как, Чутабеков Г.З., Бекмуханбетова Т.В.

Члены государственной аттестационной комиссии оценили ответы магистрантов на «хорошо» и «отлично».

Поздравляем магистрантов с успешной сдачей государственных экзаменов и желаем удачи на предстоящей защите магистерских диссертаций!

Магистратура