Екі Академия арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Бүгін мамырдың 19 күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  тағы бір салмақты екі оқу орындары арасында меморандумға қол қойылды.

Ол Қазақстан РеспубликасыІшкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандум еді.

Бас қосуда Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов алғы сөз сөйлеп, келген қонақтарға рахметін айтып, Академияның бүгінгі тыныш-тіршілігімен таныстырып өтті. Қазіргі таңда Академиямен басқа да мекемелер, халықаралық ұйымдар және үкіметтік емес ұйымдармен көптеген келісім-шарттар, меморандумдарға қол қойылып, қыруар жұмыс жасап жатқандықтарында тілге тиек етті. Ал бүгінгі меморандумның болашақта екі жаққа да келтірер пайдасы мол екендігінде жасырмады.

Академия бастығының сөзінен кейін Астана қаласындағы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының м.а. аға әділет кеңесшісі Наиль Рафисович Ахметзакиров ең бірінші сөзін Қостанай академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлын жоғары  шен атағын алуымен құттықтаудан бастап, меморандум жайлы қысқаша түсіндіріп өтті.

Меморандумның қысқаша мазмұны «Озық технологиялар мен оқытудың үздік әдістемелерін енгізу, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру. Уәкілеттік органның келісімімен тараптардың ғылыми-ақпараттық қорларына білім алушыларға, ғылыми-педагогикалық кадрларға мүмкіндік жасау» болып табылады.

Міне, осылай екі оқу орындары арасындағы бірталай уақыттағы түсінісушілік, тығыз әріптестік, ынтымақтастық қарым-қатынастар мен кездесулердің арқасындасында тағы бір меморандумға қол қойылып, өмірге келді.

Бізде екі Академияға болашақта жұмыстарында сәттілік тілейміз.

  

Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов

МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ

19 мая 2017 года состоялась торжественная церемония подписания Меморандума о сотрудничестве в области образовательной и научно-исследовательской деятельности между Академией правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан и Костанайской академией МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева.

Целью меморандума является необходимость взаимного содействия в развитии научных исследований и объединения усилий и ресурсов в подготовке специалистов, эффективном использовании инновационного потенциала в области правоохранительной деятельности.

В данном мероприятии приняли участие представители Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан: и.о. ректора Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан, старший советник юстиции Ахметзакиров Наиль Рафисович; директор института послевузовского обучения и повышения профессионального уровня Академии, старший советник юстиции Даниев Нурлан Серикович; начальник Управления по международному партнерству Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан, кандидат юридических наук, доцент, старший советник юстиции Шаяхметов Шакир Шамильевич; начальник Управления научно-методологической работы Межведомственного научно-исследовательского института Академии, советник юстиции Карипова Айнагуль Тукеновна; главный научный сотрудник Управления организации и проведения межведомственных научных исследований Межведомственного научно-исследовательского института Академии, старший советник юстиции Шаймерденова Акку Кайыржановна.

Подписание данного меморандума даст огромное развитие сотрудничества и неукоснительно приведет к принятию ответственных плодотворных решений.

Старший научный сотрудник ООНИиРИР

майор полицииК. Сарсенова