«Студенттік  көктем-2017 » тоғызқұмалақ сайысы

Жыл сайын ұйымдастырылатын, студенттердің тағатсыздана күтетін    ауқымды іс-шара ол «Студенттік көктем-2017». Осы іс-шара 17-19 мамыр күндері аралығында бекітілді. Бүгін міне іс-шара сайыстары екінші күн қатарынан жалғасып жатыр.

Біздің академиямыздың командалары барлық сайыс түрінен қатысуда. Академия курсанттары намысты қолдан бермей, Академия атын абыроймен қорғауда. Осы өткен екі күннің ішінде  қоржынымыз бос қайтпады. Дегенімен сүрініп, қателікке бой алдырған командаларда болды.

Осындай бір кезекті сайыстардың бірі тоғызқұмалақ ойыны болды. 18-ші мамыр күні ҚИнЭУ-де өткен сайыс біздің курсанттарымыз үшін жемісті болды. Барлық командалардан озық ойын көрсетіп, олар 3-ші орынды йеленді. Бірақ барлығымыз курсанттарымыздың 2-ші орын алатынына сенімді едік. Ұйымдастырушылар жағынан болған олқылықтар , ойын үстінде біраз дау-дамайға да ұластырды. Дегенімен барлық сұрақтар шешіліп, барлық командалар өздеріне тиесілі орындарды алды деп олаймыз.

Курсанттар баспасөзінің мүшесі

полиция қатарындағы

Д. Әділдәбеков