Студенттік көктем «Жас Star» конкурсы

Қостанай қаласында студенттер үшін осы жылғы ең маңызды шара өтуде. Осымен «Студенттік көктем»фестивалі 23- рет өткізіліп отыр. Бұл  іс шара жастарға үшін арналған, жастардың спорт, білім және мәдениет жағынан өнерлерін тамашалап, бағалап арасынан үздік студенттерді анықтау. Бүгінгі күнде Қостанай қаласында 20 мыңнан астам студенттер білім алуда. Бұл үлкен қауым жан-жақтан жиналған көптеген қызықты және өнерлі студенттер болып табылады.

Міне бүгін Студенттік көктем шарасының екінші күні. Жоғары оқу орындары арасындағы сайыс қызу үстінде. Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет үйінде «Жас Star» конкурсы өтті. Жалпы конкурстың мақсаты студенттердің жан-жақтылығын таныту. Бұл сайыс 3 кезеңнен тұрды. Ол музыкалық аспапта ойнау, замануи билерді билеу және эстрадалық ән айту. Сайыста әрбір жоғары оқу орнының көрсетіліміне 10 минуттан берілді. Жалпы 8 жоғары оқу орындары қатысты. Оларды атап өтсек: Рудный индустриалды институты, Қостанай мемлеккеттік педагогикалық университеті, Қостанай инженерлік экономикалық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Ы.Алтынсарин  атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық университеті, ЧелМУ Қостанай филиалы, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.

Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының атынан бірінші кезеңде біздің көрікті және өнерлі қыздарымыз билеп, өнерлерін паш етті. 2- ші кезеңде 2 курс курсанты Сүндет Бексұлтан  домбыра үнімен «Еркесылқым» күйін орындады. Ән айту кезеніңде 3 курс Айгерім атты аруымыз «Туған жер»  өленің орындады. Бұл фестивальде академия курсанттары жоғарғы деңгейде ат салысып керемет өнер көрсетті.

 

2-курс курсанты

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан