Халықаралық мұражайлар күні

18 мамыр мұражайлардың басты мерекесі –«Халықаралық мұражайлар күні» аталып өтті. Осы мерекелік іс-шара мен Қазақстан полициясына 25 жыл толуына орай Күндізгі оқыту факультетінің 103-топ курсанттары Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің мұражайына барып қайтты.

 Қандай тарихиоқиға болмасын оның мәдени мұра болып қалатыны рас. Сондықтан Қостанай облысының ІІД мұражайының жетекшісі, отставкадағы ішкі қызмет полковнигі Павел Григорьевич Щедрин саяхатын соғыс жылдары және қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішінен бастады. Онда Кеңес Одағының Батыры В. Афанасьев пен милиция генерал-майоры С. Бәкіровтің есімдері мәңгілікке жазылған. Аталмыш ескерткіш 2000 жылы қаланып, күні бүгінге дейін Қостанай облысының тарихи әрі мәдени нысаны болып табылады.

Ескерткішке курсанттар гүл шоқтарын қоюмен қатар құрметпен үнсіздік сәтін арнады.

Мұражай экспонаттарын зерттеп, сақтау біздің өткен өмірімізге деген көзқарасымызды, оның алдындағы жауапкершілікті білдіреді. Мұражайдағы жинақталған дүние  — маңызды құндылықтардың бірі болып табылады. Әр экспонат адамға желпініс, ерекше әсер береді. Сондықтан курсанттар мұражай сақтаушысы П.Щедринді мұқият тыңдап, экспонаттарға зер салып, жан-жақты түсінуге тырысты.

Қазіргі таңда 2500-ден  астам экспонат бар екен. Қазақ хандығының құрылу тарихынан бастап ХХ ғ.80-90 жж. Полиция тарихын қамтитын арнаулы стендтермен таныстық. Соның ішінде Торғай генерал-губернаторлығының құрылу кезеңі, халық комиссариатының тарихы, арнаулы полиция қызметкерінің киім нысандары да қамтылған.

Арнайы тақтайшаға фотосуреттері шығарылған және атқарған жұмыстары жөнінде баяндайтын материалдар мен құжаттар да аз емес.Сондай-ақ мұражайдыӊ арнайы бөлімінде әр жылдары қызмет бабында қаза болған полицейлердіӊ өмірімен таныстық. Қас қағым сәтте қылмыскерлердіӊ кінәсінен үзілген тағдырлардыӊ ерлігінен сыр шертетін суреттер, жеке заттар, құжаттар ешкімді бей-жай қалдырмады.

Мұражай күніне орай мұражайға құрметті қонақтар шықырылған болатын. Ардагерлер кеңесінің төрағасы, тәжірибелі нұсқаушы, Ішкі істер органдарының қызметкері, отставкадағы подполковник Есеналин Әлі мен милиция лейтенанты, республикалық деңгейдегі  үздік мерген атанған Валентина Алексеевна курсанттарға өз өмірлері жайлы қызықты оқиғаларды айтып берді. Музейдің құнды жәдігерлерін көзімізбен көрген соң, мұражай қонақтарымен әңгімеміз көрме залындағы қызықты бейнебаян көруге ұласты.

Мұражайға саяхаттыӊ басты мақсаты — жас қызметкерлерді аға ұрпақ полицейлердіӊжақсы дәстүрлерімен таныстыру еді. Мұражай бізге өткенді сақтап, нақты уақытты белгілеп, тіпті болашаққа үңілуге мүмкіндік берді. Сонымен қорыта келе «Әрбір жас маман өзінің қызметтік борышын патриоттық тәрбиеден бастауы қажет» деген ойға келдік.

1 – курс 103 топ курсанттары

103 – топ жетекшісі полиция майоры Кайнар Е.Е.

Топ жетекшісі полиция подполковнигі Бухметова Ж.С