Гүл отырғызу

Жан-жақ жанданып, бүкіл қоршаған орта өсімдіктері жаңа кейіпке енетін мезгіл. Бүкіл табиғат мезгілдерінен ең кереметі көктем деп айтсақ қателеспейміз. Ата-бабаларымыз дәл осы көктем мезгілінде жаңа жыл келеді деп жайдан жай ойламаған.

Осы мезгіл келісімен бүкіл адамдар өз аулаларын тазалап, оны безендіруге кіріседі. Академиямызда да аумақтарды тазалау жұмыстарымен қатар ағаш, гүл отырғызып, әктеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

16-шы мамыр күні 1 курс бастығы  Ә. Тажмұханов курсанттармен шығып 1 курс ауласына гүл тұқымдарын екті. Нәзік өсімдік болып келетін гүлге 1 курс бастығы Ә. Тажмұханов көп күтім керек екендігін айтты. Оларға гүлді жақсылап қарауға және уақытында су құйып, күтімде ұстауға тапсырма берді. Сонымен қатар казарма  алдындағы гүлдер бұл есік алдындығы алаңның айнасы екендігін де ұмыт қалдырмады. 1 курс бастығы  Ә. Тажмұханов жалпы казарма алдындағы алаңды емес жалпы 1 курсқа бекітілген аумақтардың барлығына отырғызылатынына уәде берді.

Досжан Әділдәбеков