Жаңа кітаптың тұсаукесері туралы бір үзік сыр

Ағайын-туыс — бір ауыл, қауым болып, шаруашылық қарекеттерін бірлесе жүргізетін, бір-біріне қолдау жасайтын, қандастық жағынан жақын туыс, аталас адамдар немесе солардан өрбіген ұрпақтар.
Жоғарыда айтылған тұжырымға сай ағымдағы жылдың мамырлаған мамыр айында академияның қызметкерлері, әкелі-балалы домбырашылар ансамблінің жетекшісі Қалибек Деріпсалдин мен тілдер кафедрасының аға оқытушысы Ербол Деріпсалдиннің Қостанай қаласындағы «Шапақ» ЖШС баспасынан «Дәулескер күйші, композитор, ұлағатты ұстаз Ораз Мұқанұлы Қожасов» атты еңбектері жарыққа шықты.
«Туыстан асқан жақын жоқ, ұмытуға оны хақың жоқ» деген аталы сөзден басталатын естелік жинақ Торғай өңірі Аманкелді ауданының өнер қуған талант иелерінің бірі, күйшілік өнерде, композиторлық салада, ұстаздық еңбекте елеулі үлес қосқан, халықтың жүрегінен ойып тұрып орын алған талантты азамат, шығармашылығында 2-3 әні, 10 шақты күйі бар Қожасов Ораз Мұқанұлы туралы еңбек.
Сонымен қатар халықта «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей, бұл естелік кітап марқұм Ораздың нағашы ата-әжесі Мұқан құда мен Бәт құдағидың, нағашы ағасы Әйкен құданың, ата-әжелері Деріпсалды, Нағима, Мағия, Жамалдың, әке-шешесі Әбуғали мен Назипаның, аға-жеңгесі Есен мен Шолпанның, іні-келіні Сапар мен Мүгүлсімнің рухтарына арналған екен.
Аталмыш жинақ Ораз Мұқанұлының өмірбаянынан басталып, оның замандас, студенттік жора-жолдастарының, туыс-туғандарының, шәкірттерінің жазған естеліктері, солардың бірін атап айтсақ, өмірдегі, өнердегі достары Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор, биші Гүлнар Саитова (Ораздың орны бөлек еді…), Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұратбек Жүнісбекұлы (Жақсы көрер інім еді …), Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Тойған Ізім (Күйші Ораз Қожасов туралы ойлар), ағайын-бауырлары туған інісі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің үздігі, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Қостанай облысы, Аманкелді ауданының құрметті азаматы Қалибек Деріпсалдин (Аға туралы ой), туған інісі, бүкілодақтық «Өмірді әнмен өрнектеп» фестивалінің лауреаты Сарыторғай Әбуғалиұлы Жұмабаев (Ораз ағамыз туралы бір үзік сыр), қарындасы, бүкілодақтық халықтар шығармашылығы фестивалінің лауреаты, жоғары санатты мұғалім Роза Деріпсалдықызы (Жаныма жақын бауырым еді), шәкірттері күйшi, «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздiгi, Елбасының «Құрмет» граматосының иегерi Анар Мұздаханова (Алғашқы кәсіби ұстазым еді), республикалық байқаулардың лауреаты, ұстаз Айгүл Шамшиденқызы Әбішева (Анар, Ләззат, мен үшеумізді кәсіби домбыраға тәрбиелеген ұстаз еді) және де нотасымен жазылған әндері, фотодеректер және шежіре тарауларынан тұрады.
Бұл еңбектің жазылу мақсаты Орта жүздегі Қыпшақтан бастап Қитаба руына дейін тараған ұрпақтардың сабақтастығын арттырып, кеңейту, қандастық жағынан жақын туыс, аталас адамдар туралы солардан өрбіген бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттап, таныту болып табылады.
Міне, жоғарыда баяндалған «Дәулескер күйші, композитор, ұлағатты ұстаз Ораз Мұқанұлы Қожасов» атты естелік жинақтан үзінділер келтіре кетейік.

Оразды тәрбиелеп, өсірген нағашы атасы Мұқан Қожасұлы және Бәт әжеміз

Ораздың ата-әжесі Деріпсалды Жұмабайұлы мен Жамал Жұмабайкеліні

Ораздың әкесі Әбуғали Деріпсалдыұлы Ораздың немере ағасы Есен Деріпсалдыұлы

Ораздың немере інісі Қалибек Деріпсалдыұлы мен Айша Деріпсалдыкеліні
Ораздың немере қарындасы Роза Деріпсалдықызы

Ораздың әкесі Әбуғали Деріпсалдыұлы мен анасы Назипа Мұқанқызы
Ораз бен Айгерімнің үйлену тойына шақыру билеті, 1975 жылдың қаңтары.

Ораз туған інілері Түгелбай, Сапар және Жыланбайлармен бірге
Ораздың балалары – Айгүл, Айнұр, Күнсұлу, Ернар

Ораздың Родник орта мектебіндегі сыныптастары

Ораздың студенттік кезі. Алматы қаласы, 1969 жыл.

Ораздың ұстазы Қазақстанның Халық әртісі, профессор Құбыш Мұхитов және студенттік достары Қалибек Шайжанов, Игілік Молдабергенов,
Мұхаметжар Рахымбердин. Алматы қаласы, 1970 жыл.
Ораздың студенттік достары Мұратбек пен Қозыбағар. Алматы қаласы, 1972 жыл.

Ораз жан досы Қазақстанның Халық әртісі, актер Әнуар Боранбаевтың інісі
Таңат Боранбаевпен

Ораз Аманкелді ауданындағы «Торғай толқыны» ұлт-аспаптар ансамблі мүшелерімен бірге. Алғашқы ұйымдастырушысы және көркемдік жетекшісі Қалибек Деріпсалдин

Қ. Абенов атындағы мәдениет үйінің «Торғай толқыны» ұлт-аспаптар ансамблі

Ораз «Торғай толқыны» ұлт-аспаптар ансамблінің жеке домбырашысы

Ораздың қолынан шыққан туындылар көрмеде

Ораз Әбуғалиұлы Арқалық қаласындағы А. Құнанбаев атындағы
№ 6 мектепте ұстаздық еткен кезі, 2008 жыл.


Тілдер кафедрасының бастығы,
полиция майоры А. Айсенов