Шеберлік

Қолөнер адам баласының әсемдігіне, нәзіктігіне деген ұмтылысын, сол бағытта табиғаттын өзінше таңбалып бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады.Ол арқылы біз үлкен рухани- эстетикалық тәлім алып , өнер әлеміне қанат қағамыз.

Шеберлік өнер ерте заманнан қалыптасқан өнер болып табылады.Әрбір адамның бойында шеберлік өнері болады. Шебер адам – Еңбекке бейімі бар, ең әуелгі тіршілік иесі.Біздің заманымазға дейін ата –бабаларымыз ағаштан, мүйізден, темірден, тастан әр түрлі күнделікті өмірге керек бұйымдар жасаған.

Қазақ шеберлерінің көп қолданатыны ол ағаш.Халық шеберлері бұл күндері күнделікті біздер тұрмыста тұтынып жүрген үй жиһаздарын ерте кезден жасай бастаған. Жиһаз негізі ағаштан жасалып, сырланып, кейде былғарымен қапталып безендіріледі. Қандайда бір іске аз шағын жұмсап, көп пайда алатыны да осыдан.

Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай акдемиясында біз 2-курс курсанттары және 2 курс бастығы полиция майоры Кусеубаев Азамат Браліұлы, курс страшинасы Альменов Азамат Серикжановичпен бәріміз бірге ат салысып өздеріміздің тұратын жатақханамызда және өздеріміз оқитын қабатта орналасқан отырғыштарымыздың ағаштарын тегістеп, былғарымен қаптап жаңарттық.

Шеберді шеге қағысынан таны – деп, ата–бабамыз бекер айтпаған. Жалпы алғанда қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұра болып,ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып өзіндік тарихымен,әдет-ғұрпымен, сәндік көркемді жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген – қолөнері.

 

2- курс курсанты

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан