Қостанай қалалық тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған бейімделу орталығына шығу сабағы

2017 жылғы 3 мамырда «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқып жатқан күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттармен «Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарға арналған бейімделу орталығына шығу сабағы өткізілді.

Берілген сабақтың мақсаты өмірдің қиын жағдайларына тап болған тұлғаларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етілуі, олардың әлеуметтік бейімделуіне және қоғамға кірігуге жәрдемдесуді қарастыру.

Курсанттар, шығу сабағының барысында Орталықтағы қажет болған азаматтарға дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек, мамандармен құжаттарды қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілетінін, қажет болған жағдайда Орталықта уақытша тіркеуге тұру қамтамасыз етілетінін, зейнетақы мен жәрдемақыны белгілеуге жәрдем және интернат – үйлеріне ресімдеу бойынша көмек көрсетілетінін білді.

Орталықта тұратын тұлғалармен, қылмыстық – атқару жүйесі органдарының, учаскілік инспекторларын, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарын тартумен алдын алу іс – шаралары ұдайы өткізіліп отырады.

Сабақ, курсанттарды тәжірибелік қызметке дайындық ретінде, кәсіби маңызды дағды мен ептілікті тудыруға мүмкіндік туғызатын үлкен танып білу қызығушылықтарын тудырды.

Примкулова Алмагуль

Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру

кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны