Академияның аумағы жас түп ағаштарымен көріктендірілді

Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының аумағына шырша ағашын отырғызу іс шарасы өтті. Үлкендердің айтуынша әрбір адамзат өз өмірінде ағаш отырғызуға міндетті, деген екен.

Жалпы бұл шараны өткізу себебі шырша қылқан жапырақты ағаш түріне жатады.Ал қылқан жапырақтылардың емдік қасиеті мол.Ағаштардың қылқанында эфир майы бар, ол адамның тыныс жолдарын жақсартады.

Сонымен қатар, ағаш иісінің түрлі микроб пен вирусты жоятын қасиеті бар. Сол себепті   көбіне тубсанаторийлер осы ағаштар өсетін аймақтарға салынады. Тағы бір басты себеп – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасына үндестік танытып, өзіміздің білім алып отырған академияны және курсанттардың тұрып жатқан  жатақханасын жасылдандырып көркейтуге шақыру.

Осы бір науқандық іс-шараға Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов және оның орынбасарлары бір адамдай ат салысып, кейінгі жас ұрпаққа ағаш отырғызу дәстүрін үйретті. Қолына күрегін алып жер қазып, ағаш түптерін отырғызған академия басшылығына курсанттар риза болып, өздері де қолдарына күрек алып, ағаш түптерін отырғызды. Бұл шара көпшілікке үлкен үлгі болып, дем берді.

Бұл шара дәстүрге айналғандай жыл сайын өткізіліп отырады. Ал Академиядағы курсанттар үшін шырша отырғызу нағыз мереке.Олар таза ауада демалып қана қоймай, табиғатты көркейтуге үлестерін қосты. Және өздері еккен шыршаларына белгі қойып, оның күтіміне үнемі атсалысып тұратындарында сөз етті.

Жасыратыны жоқ, асыра мақтағанымыз емес, көпшіліктің отырғызған ағаш түптері жасыл шыршалар Академияның құлпырыуына көрік бергендей әсер қалдырды.

Академия курсанттарының

баспасөз қызметінің мүшесі

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан