Қабырға суреттерінен конкурс

1 мамыр «Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні» мерекесі. Осыған орай 1 курс оқу топтары мерекеге байланысты қабырға суреттерін салға-ды.

Салған еңбектерін ескере 1 курс басшылығы оқу топтары арасында қабырға суреттерінен конкурс өткізді. Барлығы да өздерінше мерекелік тақырыпты суретпен жеткізгісі келген. Олардың арасынан жеңімпазды таңдау оңайға түспеді.

Курс басшылығы барлық жағдайды ескере отырып 1-ші орынды 105 оқу тобының қабырға суретін лайық деп тапты. 2-ші орынды 106 оқу тобы ал 3-ші орын 109 оқу тобына бұйырды. Орындарға йе болған оқу топтары сыйлықпен мақтау грамоталарымен мадақталды.

Жалпы осындай конкурстар 1 курс топтарының арасында жиі өткізіледі. Осындай конкурстардың өткізілуі тегін емес. Әр оқу тобы әр жолы барынша тырысып, өздерінің ерекшеліктерін көрсеткісі келеді. Сондықтанда олардың салған қабырға суреттері бірінен бірі өткен әдемі шығар.