Талантты тұлғамен кездесу

Қазіргі таңда қазақтың ұлттық өнерін дәріптем, өскелең ұрпаққа төл өнерлерін жеткізіп жүрген адамдар көп деп айту қиын. Қандай ұлт болмасын өздеріне тән, көргенде, естігенде өзіңді нағыз сол ұлттың өкілі екенніңді сезіне алатын жан-дүниелеріне жақын өнер болады.

Міне сондай терең де, бай өнерге біз қазақ ұлты иеміз. Бірақ осы дамыған заманда көпшілігі ұлттық өнермен ұлттық аспаптарды жарыққа шығара бермейді.

Дегенімен де төл өнерім десе жанын беретін  — өнерлі де таланты азаматтар жоқ емес. Осындай бір  өнерге бүкіл жан-дүниесі тұнып тұрған, домбырамен ән шырқаса құлағыңның құрышын қандыра баурап алатын өнерлі Манап ағамызбен 1 курс курсанттары кездесті.

Жалпы осы кездесудің ұйымдастырылуы үлкен мағыналы да, кусанттар үшін рухани бай кездесу болды. Манап Қадыров төл өнердің тарихына көз жүгірте курсанттарға бірәз махлұмат берді. Өзінің домбырамен орындауындағы әндері курсанттарды үлкен әсерде қалдырды. Осындай кездесулермен ұлттық өнерді дәріптеп жүрген өнер йелерімен жиі кездесулер ұйымдастырылып тұрса, курсанттар үшін өз өнерлерін бойларына сіңіріп, тануға үлкен мүмкіншіліктер болады.

Біздің академиямыз да төл өнерді ешқашан шетте қалдырған емес. Академияда арнайы домбыра үйірмесі мен оркестр құрылған. Ұлттық аспапқа икемі бар курсанттарға өздерінің өнерлерін шыңдауға мүмкіншілік толығымен қарастырылған.

Академия баспасөзінің мүшесі

 1 курс курсанты  Д. Әділдәбеков