Әскери эстафета

Сәуір айының соңғы күні  ӘжТАД кафедрасы  әскери эстафета ұйымдастырып, курстар арасында мықтыны анықтады.

2017 жылдың 30 сәуірінде академия спорттық алаңында өткізілген эстафетаға әр курстан мамандықтары бойынша 5 курсанттан тұратын командалар шығарылды.  Бірнеше белгілерден тұратын эстафетада курсанттардың ептілігімен жылдамдық, дәлдікері сыналатын  кедергілер де болды.

Жалпы эстафета барысында 1 курс курсанттары ерекше көзге түсті. Ең кіші курс бола тұрғанымен автомат шашу, граната лақтыруда оларға тең келер команда болмады. Жүгіруде де үздік болған олар, күмәнсіз бірінші орын йегері екендіктеріне барлығы сенімді болды. Дегенімен ақтық шешімді шығаратын қазылар алқасын барлығы күтті. Күтпеген жерден 1 курс курсанттарының ескертулері өте көп болды деген шешім шығарып, 1-ші орынды 2 курс курсанттары йеленді. Ал 1 курс курсанттары 2-ші орынды қанағат тұтып қалды. 3-ші орынға 3 курс тұрақтады.

Осындай эстафеталар жиі ұйымдастырылса барлық жағынан қолдау табатыны анық. Ұйымдастырылуы жағынанда ерекшеленетін бұл эстафета болашақта тағы қайталануын курсанттар тағатсыздана күтетіні жасырын емес.

ыв